2 шағын аудан, 47А үй,

Бизнес орталығы «Орда», 102 кеңсе

Тел.: +7 7292 20 22 84

Тел./Факс: +7 7292 20 22 83

Moonstone

Біздің қызметтер

Ақтау қаласындағы «Мунстоун» ЖШС Ақтау және тұтастай Қазақстанда жұмыс істейтін барлық қазақстандық және шетел компанияларына мәтін мен құжаттарды аудару қызметін ұсынады.

Компания орыс, украин, қазақ, өзбек, түрікмен, ағылшын, итальян, испан, француз, әзірбайжан және неміс тілдерінен аударатын жоғары білікті аудармашы базасына ие.

Құжаттарды жазбаша және ауызша аудару

«Мунстоун» ЖШС негізгі қызмет түрі –құжаттарды аудару және аударманы тексеру.

Құжаттарды аударуға қабылдарда әлеуетті тапсырыс егжей-тегжейлі қаралып, тапсырыстың орындалу мерзімі белгіленеді және жұмысы бағаланады. Қызмет көрсету барысында ең заманауи дербес компьютерлер мен баспа бейінінің бағдарламалық жасақтамалары(БЖ) қолданылатынын айта кеткен жөн. Құжат ең қысқа мерзімде сканерден өткізіліп, аударуға және редакциялауға қолайлы пішімге ауыстырылады.

Біздің барлық аудармашыларымыз, редакторларымыз - жоғары деңгей мамандары, олардың басқасының ішінде әр түрлі сала мен бағыттағы техникалық аударма жасау жағынан айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар.

Аударманы нотариалды растау

Нотариалды растауды рәсімдеу үшін құжаттың түпнұсқасына (немесе оның расталған көшірмесіне) және аудармаға аудармашы мен нотарустың ТАӘ көрсетілген парақты қоса тігу қажет. Осы парақты бекіту орны нотариус мөрімен тығыз қағазбен - «жұлдызшамен» желімденеді. Баспа-таңба «жұлдызшада», сондай-ақ парақта біркелкі орналасуы қажет. Мұнда аудармашы қолының түпнұсқалылығын куәландыратын нотариус қолымен расталған бекітілген парақтың саны көрсетіледі.

Мәтінді бір шет тілінен басқа шет тіліне аудару кезінде нотариус мөрқалыбы құжаттың түпнұсқасы аударылған тілге аударылуы қажет.

Кейбір құжаттардың аудармасы агенттік мөрімен немесе мөртабанымен ғана расталады. Бұл жағдайда аударма түпнұсқаға тігіліп, аударманың сыртқы бетіне аудармашы қолы мен куәландырылған жазбасымен аударма бюросының мөрі немесе мөртабаны қойылады.

Апостиль

Апостиль – 1961 жылы Гаага конвенциясының барлық мемлекет-қатысушылар аумағында ұсыну үшін құжаттың заңдылығы туралы мәліметтерді толтырудың халықаралық стандартталған үлгісі. «Апостиль» мөртабаны мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түпнұсқасына ғана қойылады.

Апостиль Конвенцияның ресми тілдерінің (француз немесе ағылшын) біреуінде, сондай-ақ апостиль қойған мемлекеттің ұлттық тілінде қойылуы мүмкін, немесе Конвенцияның және ұлттық тілдің біреуінде қосарлануы мүмкін.

Егер құжатты алушы-мемлекет Конвенция қатысушысы болмаса – құжат ҚР Әділет Министрлігінде немесе Сыртқы Істер Министрлігінде консулдық заңдастыру рәсімінен өтуі қажет.