2 шағын аудан, 47А үй,

Бизнес орталығы «Орда», 102 кеңсе

Тел.: +7 7292 20 22 84

Тел./Факс: +7 7292 20 22 83

Moonstone
Лидер отрасли 2016

«Мунстоун» ЖШС

Қаржылық, политехникалық, заңдық немесе экономикалық құжаттаманың кез келген түрлерін аудару, сондай-ақ іскерлік және жалпы сипаттағы әр түрлі кездесулер мен іс-шараларда ауызша аударма жасау үшін жасалған дұрыс таңдау.

Бiз кімбіз

«Мунстоун» ЖШС – аударма бюросы: орыс, украин, қазақ, өзбек, түрікмен, ағылшын, итальян, испан, француз және неміс тілдерінен кез келген тақырыптағы құжаттарды жазбаша аудару, сондай-ақ іскерлік және жалпы сипаттағы әр түрлі кездесулер мен іс-шараларда ауызша аударма жасау бойынша қызмет көрсетеді. Іскерлік қатынастардың дамуының қазіргі кезеңінде тапсырыстың сапалы әрі уақтылы орындалуына деген сұраныстың басты маңызы бар, сондықтан іскерлік серіктесті таңдау бойынша шешім қабылдау бірінші дәрежелі мақсатты айқындайды, бұл – ақылға қонымды, бәсекеге қабілетті баға шеңберінде тиісті тәжірибесі бар сенімді компанияны табу.

Қазіргі уақытта компанияның Ақтау қаласында кеңсесі бар, оның негізгі кәсібі қызметтің бір түріне ғана – аударма жасауға шоғырланған. Құрылуы мен дамуының бастапқы кезеңінде біздің компания бизнес-қызметтердің кең ауқымын ұсынатын, бірақ уақыт өте келе олар ықшамдалды. Соңғы 12 жыл бойы біз Ақтау қаласы нарығында іскерлік, атап айтқанда, жарнамалық бағыттағы құжаттарды уақтылы әрі сапалы аударумен, брошюра, буклет, нұсқаулар мен әр түрлі нұсқаулықтарды рәсімдеумен айналысып жүрміз.

Біз өндірістік міндеттерді шешуде, Сіздердің өз клиенттеріңізбен арада түсіністік пен берік байланыс орнату жағынан Сіздерге сенімді серіктес әрі көмекші болу үшін бар күш-жігерімізді салуға дайынбыз.

Біз туралы

Image

«Мунстоун» ЖШС өз қызметін 2004 жылдың қараша айында бастады: бірнеше жігерлі қыз - шет тілдері факультетінің түлектері өз ісінің негізін қалау туралы шешімге келіп, алғашқыда біздің аймағымызбен танысқысы және Маңғыстауда өз қызметін жүзеге асырғысы келетін компаниялар мен жеке тұлғаларға бизнес-қызметтер көрсету, қолдау жасау және көмек ұсыну үшін сервистік компания құрды.

Бастапқы кезде үйде орналасқан офистен басқарылған компания аударма жұмыстарын орындауға тапсырыстарды жалданып істейтін штаттан тыс мамандарға бөліп беретін. Уақыт өте келе, бизнестің дамуымен біз өз офисіміздің болу қажеттігін түсіндік, сөйтіп 2005 жылғы 1 маусымда осы міндет іске асырылып, Ақтау қаласында компанияның бірінші офисі ашылды. Бұл уақытқа таман компанияның бизнестегі елеулі міндеттерді шешуге қабілетті сауатты, жігерлі мамандардан құралған ұжымы қалыптасып болған еді.

Офис орналасқан коммерциялық орталықтың ғимараты уақыт өте келе өзінің жағымды жақтарынан айырылып, автокөлігін ешқандай ретті сақтамай қоя салатын сауда агенттері мен олардың әдептілік жағынан бас қатырмайтын клиенттері шоғырланған бейберекет жерге айналды. 2006 жылдың қаңтарында біз жаңа офиске көшуге бел будық, таңдаған орнымыз қаланың 2-ші шағын ауданында орналасқан Бизнес орталық – орталық көшеге шығатын, бизнестің мүддесіне көбірек сай келетін және барлық «сити» артықшылықтары бар ғимарат.

Әлемдік қаржы дағдарысына және энергия көздері бағасының құлдырауына байланысты барлық салада іскерлік белсенділіктің төмендеуінен туындаған елеулі экономикалық қиындықтарға қарамастан, компания өзінің одан әрі дамуы және бәсекеге қабілеттілігі –мейлінше аз шығынмен, ең қысқа мерзімде және өзі мен клиенттері үшін барынша көп пайдамен неғұрлым жоғары сапалы қызметтер көрсетуде деп біледі.

Біздің тәжірибеміз, белгілі бір жақсы жақтарымыз бен артықшылықтарымыз бар, және біз осыны өзіміздің барлық жаңа және бұрынғы клиенттерімізге қуана ұсынамыз.