Қызметкерлеріміз
Айнагүл Таирова
«Мунстоун» ЖШС-нің директоры, қазіргі заманғы іскер әйелдің жарқын үлгісі, қызмет барысында талдау-сараптау мәселелерімен және стратегиялық жоспарлаумен айналысады, компанияның істеріне жалпы басшылық етеді, мұнай-газ саласындағы компанияларда және материалдық-техникалық қолдау жобаларында мол жұмыс тәжірибесі бар.
Айнагүл Тоқбаева
Офис-менеджер және үйлестіруші, компанияға 2005 жылдың желтоқсанында келді. Жас, болашағынан үміт күттіретін маман, өз тәжірибесін компания игілігіне жұмсай отырып, ынта-жігерімен оқып-үйренуде. 2008 жылы Алматы Көлік Академиясының қаржы факультетін тәмамдады. Компанияда ағымдағы қаржы құжаттамасын жүргізуге және есеп беру жұмыстарын орындауға маманданады.
Жадыра Саядилова
Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінің халықаралық құқық факультетінің түлегі, соңғы уақытта біздің қатарымызға келіп қосылған маман. Біздің ұжымымызда ол өзін ең жақсы жағынан көрсетіп, оның заңгер білімі компаниямыздың және біздің қадірменді клиенттеріміздің өсіп-өркендеуін жаңа сатыға көтеруге көмектесіп, соған өз үлесін қосады деп үміттенеміз.
Асқат Таиров
Ақтау университетінің қаржы және аудит факультетінің студенті. Компаниядағы жұмыс оған тіл машықтары мен іскерлік қатынас принциптерін игеруге көмектесіп, болашақ кәсібін меңгеруі үшін мықты тірек болып отыр.